07 қар, 2022 сағат 15:20

Жәмішев Bank RBК директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды


Болат Жәмішев Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды "Ұлт аұпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

"KASE, облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына директорлар кеңесінің 2022 жылдың 31 қазанындағы шешімі бойынша, директорлар кеңесінің төрағасы болып Болат Жәмішев сайланғаны туралы хабарлама ұсынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Болат Жәмішев 2020 жылдың қазанында Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған болатын.