Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы тұрғынының қайырымдылыққа қаражат жинау арқылы интернет-алаяқтық жасаған адамның қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жамбыл облысы тұрғынының қайырымдылық мақсаттарға қаражат жинау арқылы бірқатар интернет-алаяқтық жасағаны әшкереленді. Ол жалған қор құрып, кәсіпкерлермен байланыс орнатып, қорды дамытуға көмек көрсетуді сұраған. Ақша жалған қорға тіркелген шоттарға аударылған», - деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша қазіргі уақытта күдікті жалпы сомасы 2 млн 300 мың теңге залал келтірген. 15 коммерциялық құрылымның басшылары сан соғып отыр.
«ІІМ, тұрғындарды сақ болып, жеңіл және тез пайда табуды ұсынатындарға сенбеуге шақырады. Алаяқтық фактілері туралы дереу полицияға хабарлауды ұмытпаңыз», - дейді ол.