Әскери бөлімдерінің бірінде жарылыс болған Жамбыл облысының Байзақ ауданында жедел штаб құрылып оны, облысы әкімі Бердібек Сапарбаев басқарып отыр.
Бұл туралы Байзақ ауданының әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.
Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендер саны 66 адамды құрап отыр. Олардың басым көпшілігі - жеңіл жарақат алғандар, тек 2 адамның ғана жағдайы ауыр.
Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.
