Таразда үш жасөспірімді атып кеткен, олар қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Тараз қаласының Полиция басқармасына үш кәмелетке толмағанның оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайлары тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайтындығын айтқан.