28 шіл, 2021 сағат 18:33

Жамбыл облысында QazVac вакцинасын өндіретін зауыт жұмысын бастады


Отандық QazVac вакцинасының 600 мың дозасы қоймада тұр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандықтар отандық QazVac вакцинасының тиімділігін енді түсініп, сұраныс артып жатқанда неге Қырғыз еліне 25 мың дозасын жібердіңіздер? Өзіміздің өңірлерде осы вакцинаны таппай қалып жатқандар көп қой». 

Орталық коммуникаиялар қызметінде Алексей Цойға БАҚ өкілдері тарапынан осындай сауал қойылды. 

«Өңірлерге QazVac вакцинасының 100 мың дозасы жеткізіліп жатыр. Кей өңірлерге жетіп те қойды. Сонымен қатар, 600 мың доза шығарылды. Қазір бұл өнім қауіпсіздік бойынша тексеруден өтуде. Тамыз айында ол дозалар да ел өңірлеріне жеткізіледі», - деді министр АҚ өкілінің сауалына берген жауабында. 

Сондай-ақ, ол Қырғыз Республикасына жіберілген вакина туралы да пкір білдірді.

«Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек туралы айтсақ, көрші ел Мемлекет басшылығынан көмек сұраған болатын. Қазақстан өзі де гуманитарлық көмек алып отырған және көмек көрсететін ел ретінде көрші, бауырлас республикаға жәрдем берді. Сондықтан бұл Қазақстанның жетістігі деуге болады. Біздің вакцина өзге елдерде де қолданылып жатыр. Әрине, бізден көбірек мөлшерде сұраған болатын. Жамбыл облысында өзіміздің өндірістік алаңды іске қосудың арқасында сіз атаған мөлшерде көмек бердік. Қазір біз белгілі бір өндірістік қуатқа көштік. Қосымша 600 мың доза қоймада тұр», - деді Алексей Цой.