Жамбыл облысының полицейлер 9,5 келі кептірілген марихуана сақтаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Байзақ ауданының құмды аймағында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде бақташы болып жұмыс істей жүріп, ер адам жабайы қарасора бұталарын жұлып алып, кептіріп, ұнтақтап, екі қапқа жинаған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, с алмағы 9 килограмм 500 грамм болатын есірткі затын 34 жастағы ер адам жылқыға артып, шаруа қожалығына жеткізген.
«Полицейлер оны сарайдан тапқан. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген ведомство хабарламасында.