21 сәу, 2018 сағат 10:06

Жамбыл облысында 17 жолаушы отырған шағын автобус аударылды: Қаза тапқандар бар

Жамбыл облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың хабарлауынша, 21 сәуірде шамамен сағат 07.40-та "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының 205-шақырымында, Жамбыл облысы Қордай ауданы Соған ауылының маңында Mersedec Sprinter маркалы шағын автобусы аударылып қалды.

"Шағын автобустың салонында 17 жолаушы мен жүргізуші болған. Жол апатының салдарынан 2 адам қаза тапты, қалғандары ауруханаға жеткізілді", - деді ІІД мамандары.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.