03 мау, 2019 сағат 12:36

Жамбыл Ахметбеков Семей тұрғындарымен кездесті

ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков Семей қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәдениет үйінде өткен кездесуде Ж. Ахметбеков сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілеріне тоқталып, кедейлікпен күресуге арналған өзінің жоспарымен бөлісті.

Қатысушылар президенттікке үміткерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Олардың қатарында жалақы көлемін арттыру мен еңбек жағдайын жақсарту, медициналық қызметпен қамту және баспана мәселесі болды.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Қазіргі таңда тіркелген 7 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.