29 мау, 2025 сағат 12:23

Жалғас Жұмағұлов Германияда өткен турнирде чемпион атанды


instagram/zhumagulov_zhalgas


Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Гамбургте (Германия) өткен OKTAGON 73 турнирінде чемпион атанды, - деп хабарлайды Ult.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Жалғас ең жеңіл салмақ дәрежесінде өткен титул кездесуінде Грузиядан келген қазіргі чемпион Бено Адамиямен (12-8-2) күш сынасты.


Адамия жекпе-жек алдында салмақ шегінен асып кеткендіктен, октагонға сары картамен шықты.


Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша Жалғас жеңіске жетіп, лиганың жаңа чемпионы атанды. Ол қарсыласын соңғы раундта бір рет нокдаунға да түсірді.


Айта кетейік, Адамия бұл жекпе-жекке қатарынан алты рет жеңіске жеткен еді, бірақ бұл жолы Жумагұловқа есе жіберді. Ал Жалғас қатарынан төртінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Oktagon - Еуропадағы үздік лигалардың бірі.


Еске салайық, Жұмагұлов бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен. Ол промоушенде жеті жекпе-жек өткізіп, бір рет жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. UFC-ден 2023 жылы кеткен.


Жалғас бұған дейін Fight Nights Global ұйымында чемпион болған. Ол 2018–2019 жылдары ең жеңіл салмақта бұл лиганың чемпиондық белбеуіне ие болды.