20 қаз, 2019 сағат 06:09

Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды

Аралас жекпе-жектен өткен Fight Nights Global 95 турнирінің басты айқасында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік Әли Багаутинов (19-6) кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айқас бес раундқа есептелген болатын. Екі елдің үздік спортшылары бес раунд бойы күш сынасты. Ақыры, төрешілердің бірыңғай шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан файтері жеңіл салмақтағы Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды.

Десе де, төрешілермен келіспеген Багаутинов командасымен бірге шыққан шешімге қарсы апелляцияға арызданбақ.