14 қыр, 2017 сағат 22:51

Жақыпова: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша жұмысты қалпына келтіру қажет

2017 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Ақмола облысының аудандық ішкі саясат бөлімдерінің өкілдерімен жұмыс отырысы өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отырыстың модераторы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақыпова Марал Қажыкенқызы болды.

Отырыстың барысында түрлі мәселелер, оның ішінде қайырымдылық жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында ашу саласындағы қызметті белсенділендіру аясында аудандық ішкі саясат бөлімдерінің ҚХАА өзара іс-әрекеттестігі мәселесі талқыланды. Сонымен қатар М.Қ. Жақыпованың айтуынша, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша жұмысты қалпына келтіру қажет. Бұл жоба өнерімен, білімімен қоғамға сіңірген еңбегімен, ерекше қасиеттерімен дараланған азаматтарға үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Сондықтан «100 жаңа есім» – ауқымды жоба, ол ел Тәуелсіздігінің жылдарында түрлі өңірлердегі, түрлі жас шамасындағы, түрлі ұлтты 100 нақты адамның тарихы. Оның айтуынша, отырысқа қатысушылардың аталмыш жоба бойынша басты міндеттері Ақмола облысы бойынша әйгілі тұлғаларды ақпараттық қолдау және дәріптеу болып табылады.

Ғылыми-сараптық бөлімнің маманы Крушева Розалия Булатовна Қоғамдық келісім кеңестерінің өзара әрекеттестігіндегі басты мәселелерді атап, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды.

«Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлімінің басшысы, баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Пяткова Татьяна Викторовна қатысушыларға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын әлеуметтік желілерде ілгерілету қажеттілігі туралы ескертіп, оған қоса «Қоғамдық келісім» КММ-де медиаторлық курсынан өтіп, сол арқылы аудандық ІСБ медиациялық қызметін жандандыру мүмкіндігінің бар екенін айтты.