08 мам, 2020 сағат 15:11

Жақын арада емделгендер саны ауырғандардан арта түседі - министрлік

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров коронавирус бойынша алдағы уақытқа оптимистік болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Індетке шалдыққандарды емдеудің орташа кезеңі 16-17 күн. COVID-19 пациенттерінің саны іліспе аурулардың болуына қарай артуы мүмкін», - деді ол онлайн брифинг барысында. 

Оның сөзіне қарағанда, індетке шалдығу өсімінің қарқыны тұрақты түрде төмендеп келеді, оның көрсеткіші орташа есеппен 3-4 пайыз. 

«Бүгінде 1500-ден астам адам емделіп шықты, үш мыңға жуығы ем-дом қабылдап жатыр. Біздің орталықтың болжамына сәйкес, жақын арада ауырғандарға қарағанда емделгендер саны арта түседі. Бұл өз кезегінде емдеудің оңтайлы қарқыны жүріп жатқанын, сондай-ақ инфекцияның таралуы төмендеп жатқанын байқатады», - деді орталық директоры.