05 қаң, 2021 сағат 10:11

Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі

БЖЗҚ сайты зейнетақы жинағынан алуға болатын қаржыны автоматты түрде көрсететін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Зейнетақы қорының сайтындағы салымшылардың жеке кабинетінде жинақты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдалануға болатын сома көрсетілген жаңа «терезе» пайда болды. 

Сондай-ақ жеке кабинетте өзіңіздің «жеткіліктілік шегіңізді» (шотта қанша қаражат қалуы тиіс, әрбір жас санаты үшін ол әр түрлі) және ЖТС төлемін ескере отырып алуға болатын қаражат сомасын (егер сіз оны бірден төлеу қажет деп есептесеңіз) білуге болады.