Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті», - деп атап өтті тұрғын.
Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алды. Ал ипотеканы Отбасы банкінен алуды шешті.
«Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым. Ипотеканы Отбасы банктегі аралық заем арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады» , – дейді кейіпкер.
Біздің кейіпкерімізді 3 жылдық жинақтарға қол жеткізгеннен кейін арқылы заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5%-ға дейін төмендейтіні қуантты.
Салымшымыздың айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілді. Небары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алды және несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады.