Фото: Gov.kz
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Конституцияға қатысы бар адамдардың есімі туралы санақ жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақстанда Конституция есімі берілген 1 адам тұрады, сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адамнан бар.
Дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады.
Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандарда. Бұл есімді азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам.
Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімін 1197 адам иеленген.
Еске салсақ, Маңғыстау облысында референдум күні туған балаға Атазаң деген есім қойылған еді.
Кішкентай Атазаң отбасындағы тоғызыншы перзент. Ұл бала 4130 грамм салмақпен, 57 сантиметр боймен өмірге келді.
