Фото: ашық дереккөз
2026 жылдан бастап БЖЗҚ-дан төлем алатын азаматтар жеке табыс салығынан толық босатылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Жеңілдік ай сайынғы төлемдерге де, тұрғын үй немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдеріне де қатысты.
Бұған дейін біржолғы төлем алып, салық төлеуді кейінге қалдырғандар да енді бұл міндеттен босатылады.
Қазір зейнетақы қорынан ақша алатындар төлем сомасының 10%-ын салық ретінде төлейді. Енді бұл ереже жойылады.
