22 сәу, 2022 сағат 09:54

Зейнетақы активтерін 4 компания басқарады


Бүгінгі таңда зейнетақы активтері төрт компанияның сенімгерлік басқаруында. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Олар «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Jusan Invset» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ. 2022 жылғы 1 сәуірде зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құны 8,6 млрд теңгені құрады. Зейнетақы активтері портфелінің құрылымына кері РЕПО мәмілелері мен ақша қаражаты (29%), мемлекеттік бағалы қағаздар, оның ішінде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, ҚРҰБ ноттары (25%), ПАЙ-лар (24%), облигациялар (16%), акциялар мен депозитарлық қолхаттар (5%) кіреді. Валюталар бөлігінде зейнетақы активтері портфелінің құрылымында ұлттық валюта басым (71,5%), АҚШ доллары зейнетақы активтері портфелінің 28,5%-ын құрайды», - делінген агенттік хабарламасында.