Украина президенті Владимир Зеленский 4 наурызда кешке халыққа жаңа үндеу жасады, онда ол НАТО-ның Украинаның әуе кеңістігін жабудан бас тартқанын қатаң сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Обозреватель" басылымына сілтеме жасап.
"Соғыстың тоғызыншы күні. Көпшілігіміз тоғызыншы күні қатарымызда жоқ адамдарды еске аламыз. Қаза тапқандардың әрқайсы мәңгі жадымызда. Бүгін тағы бір мәселелерді есте сақтаудың уақыты келді: қауіпсіздік кепілдіктері мен уәделері, одақтардың шешімі, кейбіреулер үшін, меніңше, бұл өлген құндылықтар. Бүгін НАТО саммиті, әлсіз саммит, шатасқан саммит өтті, онда барлығы Еуропа бостандығы үшін күресті бірінші мақсат деп санап отырған жоқ", - деді Зеленский.
Украина көшбасшысы альянсты шешім қабылдауға енжар, өзіндік гипноз және әлсіздік танытты деп сынады. Оның айтуынша, НАТО-дағы Ресеймен болжалған қақтығыс украиналықтардың өлімінен жоғары болған.
"НАТО Украинаға әуе кеңістігін жаппау туралы саналы түрде шешім қабылдады. Біз НАТО елдерінің өздері Украинаның әуе кеңістігінің жабылуы Ресейдің НАТО-ға қарсы тікелей агрессиясын тудырады деген әңгіме жасады деп санаймыз. Бұл біздегіден де күштірек қаруы бар болса да әлсіз, іштей сенімсіздердің өзіне өзі жасалған гипнозы", - деп мәлімдеді ол видеоүндеуінде.
Зеленскийдің айтуынша, бүгіннен бастап осы соғыста қаза болған әрбір украиналықтың өлімі осындай ұятсыз шешім қабылдағандардың обалы.
"Халық туралы, адамгершілік туралы ойлауларыңыз керек еді. Сол отырыста не ойладыңыздар? Бүгіннен бастап қаза тапқандардың обалы сіздерге. Жалпылама әрекеттеріңіз үшін. Альянстың бүгін әлі жеткені Украинаға өз төлем жүйелеріңіз арқылы 50 тонна дизель отынын өткізу болды. Соған қарағанда, Будапешт меморандумын өртеп жіберуіміз үшін шығар. Жақсылап жансын деп. Бірақ біз үшін ол өртеніп қойды, ресейлік әскердің отында. НАТО осындай болғанын қаладық па? Осындай альянсты құрған ба едіңіздер?" - деді Зеленский.
Украина президенті Солтүстік Атлантикалық одақты Украинаның қалалары мен ауылдарын Ресей әскерінің одан әрі бомбалауы үшін "жасыл жарық" жасады деп айыптады. Ол НАТО-ның біреуді қорғай алатынына күмән келтірді.
"Сіздер кімді қорғай алатындарыңызды білмеймін. Өз елдеріңізді қорғай алатындарыңызға да күмәнім бар. Біздің литрлеп төккен қанымызды сұйық отын литрлерін беріп құтыла алмайсыздар. Бұл қан тұтас Еуропаны қорғау үшін төгілді, тұтас еркіндік, ортақ болашағымыз үшін төгілді", - деді Зеленский.
Сонымен қатар, Зеленский Киевтегі резиденциясынан ел астанадан кетті деген қауесетті жоққа шығару үшін арнайы видео жариялады.
4 наурызда, жұмада НАТО-ның Сыртқы істер министрлері Украинаның әуе кеңістігін жаппауға шешім қабылдаған. Бұл өтінішті Зеленский Еуропалық Парламентке айтып жүгінген.
"Біз Украинаға жеріне де, әуесіне де кірмейтінімізді көрсеттік. Әрине, ұшқышсыз аймақ енгізу үшін оның жалғыз жолы - НАТО авиациясын, жауынгерлерді Украинаның әуе кеңістігіне жіберу еді. Содан кейін осы аймақта ресейлік ұшақтарды атып тастауға мәжбүр болар едік. Біз украиналықтардың тарапын түсінеміз, бірақ егер біз оны қабылдасақ, онда бұл іс көптеген басқа елдің қатысуымен еуропадағы толыққанды соғыспен аяқталатын еді деп санаймыз", - деп түсіндірді НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг әуе патрулінен бас тарту туралы шешімін.