23 қар, 2022 сағат 09:15

Зеленский Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады


Украина басшысы Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Телефон арқылы сөйлесу барысында мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтадым. Ол екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді. Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін алғыс айттым", - деп жазды Зеленский Twitter-де.