© AP Photo / Peter Nicholls
Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанға айтты. Ол бұл туралы Telegram-дағы арнасында жазды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Сонымен бірге Қазақстанға Украинаны гуманитарлық қолдағаны үшін алғысымды айттым", - деп жазды Зеленский.
Еске салайық, бүгін, 16 ақпанда Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.