Фото: © REUTERS
Украина президенті Владимир Зеленский 5 наурызда АҚШ президенті Джо Байденмен, SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маскпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Украина басшысы Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Зеленский әңгіме барысында Ақ үй басшысымен қауіпсіздік, Украинаны қаржылық қолдау және Ресейге қарсы санкцияларды жалғастыру мәселелерін талқылағанын айтты.