30 мау, 2021 сағат 21:07

Зарина Дияс Уимблдон турнирінде ұтылып қалды

Қазақстандық Зарина Дияс Уимблдон турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған Дияс алғашқы айналымда әлемнің 56-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен ойнады.

Латвиялық теннисші 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды.

Матч барысында Севастова 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қазақстандық спортшы 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жаза алды.

Осылайша 2014 және 2015 жылдары Уимблдонда төртінші айналымға дейін жеткен Зарина үшін биыл жарыс ерте аяқталды. Дегенмен ол жұптық сында өнер көрсетеді.

Севастова екінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен күш сынасады.