01 қар, 2021 сағат 15:24

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Жаңаөзен тұрғыны сотталды


Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Қ.Агисов дербес компьютерлерді лотерея ойындарына арналған аппараттар түрінде Жаңаөзен қаласы, Рахат-1 шағынауданы, Саяжай көшесі, 42 ғимарат мекен-жайы бойынша орналастырған.

Құмар ойындарға қажетті 30-дан астам техника тәркіленді.

Қожахмет Агисов 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. 

«Құрметті азаматтар! Егер сіз тұратын немесе мекендейтін жерде ойын аппараты орналастырылса, ол туралы Агенттікке хабарлай аласыз. Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе +7 (7172) 70-84-78 сенім телефондарына хабарлассаңыз жеткілікті»,-делінген хабарламада.