20 қар, 2019 сағат 10:21

Заңсыз миграция: ҰҚК меморган қызметкерлері енген қылмыстық топты ұстады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, Орталық Азия аймағынан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырып келген бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қылмыстық топқа Алматы қалалық Көші-қон қызметі орталығының қызметкерлері, құжатты ресімдеуді жеделдету қызметін көрсететін, сондай-ақ жалған №086 анықтамасын шетелдіктерге беретін бірқатар делдал кірген», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

Тінту барысында шетел азаматтарының 40 төлқұжаты, 2 млн теңгеге жуық қаражат және Қазақстанға шетелдіктердің кіруін заңдастыру бойынша өзге құжаттар тәркіленген.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған топтың қылмыстық ісі ұзақ әрі жүйелі сипатқа ие болғанын хабарлайды. Шетелдіктер жалған мекенжайға тіркеліп, олармен жасанды еңбек келісімі жасалған. Қазір аталған іс бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.