14 нау, 2022 сағат 12:44

Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды – Ахметжанов


Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар не әкімшілік, не қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамын», - деді министр. 

Сонымен қатар ұрланған қару-жараққа қатысты кез келген ақпаратты «102» немесе 72-22-45 нөмерлеріне хабарлауды сұрады. 

«Елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шара қабылдануда», - деп аяқтады сөзін Марат Ахметжанов.