Фото: Роман Скляр / Асқар Ахметуллин, kursiv.media
Бүгін Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ult.kz тілшісінің сұрағына жауап беру кезінде ол елдегі автомобиль өндірісінің жай-күйі, утильалым мәселесі мен Қазақстанға заңсыз кірізілетін автокөліктер туралы сөз қозғады.
Тақырып мемлекет басшысының өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы болғандықтан Қазақстанда «дамып жатыр» деп ауыз толтыра айтылатын автомобиль өндірісінің нәтижесі неге көрінбейтінін сұрап: «Осы салаға жаныңыз аши ма?» ‒ деп тікесінен сұрақ қойдық.
Р. С: Мен біздің экономикамыздың қандай да бір саласы туралы кей бір популистер айтатын деректерге сүйеніп, «олар паразиттер, нашар жұмыс істейді, кәсіпорындарын жауып, нарықтан кетуі керек» демеймін. Бұл туралы айтып келе жатқаныма көп жыл болды. Әлемдегі кез келген экономика, кез келген өзін сыйлайтын ел өз мемлекетіндегі халық шаруашылығының барлық салаларын қолдайды. Ол ауыл шаруашылығы болсын, транспорт, энергетика, металлургия немесе машина жасау саласы болсын, қандай да бір деңгейде қолдайды. Тіпті дамыған елдерді мысалға келтіріп қарайтын болсақ, кейде кәсіпорын жұмыс істеуі үшін тікелей бюджеттен ақша салу арқылы қолдау жүреді. Автомобиль өндірісіне келетін болсақ, ол да басқа салалар сияқты белсенді дамып жатыр.
Ерекше атап өткім келетіні, оларға кей бір басқа салалар сияқты бюджеттен қандай да бір дотация жоқ. Олар өз өнеркәсіптерінде еркін экономикалық аймақ режимінде жұмыс істейді. Олар өнім шығарады.
Саясиландырып жіберген утильалым деген не? Ол бар болғаны жанама салық. Ол қаражат автоөндірушілерге барып жатқан жоқ, мемлекеттің «Жасыл даму» акционерлік қоғамына түседі де, экологиялық қажеттілікке жұмсалады. Егер бұл утилизациялық алым болмағанда, біз бұл шығынды республикалық және жергілікті бюджет есебінен жабатын едік. Бұл ‒ бюджет шығынының орнын толтыратын жанама салық. Бұл ‒ анық.
Бүгін бірнеше рет айттым, егер біз кезінде автомобиль өндірісін бастамағанымызда, бұл саланы аяқтандыруға тырыспағанымсызда, биыл Алматы мен Қостанайда іске қосылатын екі зауыт та, мұндай инвестиция да болмас еді. Машина жасау саласына инвестиция өңдеу өнеркәсібінің ең жоғарғы сегменті ретінде өте үлкен мультипликативті эффект береді. Эксперттер бағалауы бойынша автомобль жасау саласында бір ғана жұмыс орнын ашу қосымша салаларда кем дегенде үш қосалқы жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Мұны да түсіну керек.
Екінші жағынан, біз 2016 жылы ДСҰ-ға (Дүниежүзілік сауда ұйымы, ред) кіріп, Қазақстанға келетін шетелдік автомобильдерге кеден салығын 30-дан 15 пайызға дейін төмендеткен кезде осы 15 пайыздың үлесін утильалымның есебінен жапқанымызды да түсінуіміз керек. Бұл жанама салық екенін тағы ескере айтқым келеді. Мысалға, егер қазір қымбат автомобильдердің утильалымын алып тастаймыз делік, онда менің ойымша әділетсіз болады. Ал өзіміздің автомобиль мен автокомпоненттерді шығаратын база қалыптастырсақ біз тек жұмыс орындарын ашып қана қоймай, қосалқы салаларды да д
Автомобиль саласын дамыту мәселесінде популистік көзқараспен ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтуға болмайды. Жалпы автомобиль ғана емес, машина жасау саласы біздің басымдық беріп отырған салалардың бірі.
Ult.kz тілшісінің келесі сұрағы: Қырғызстаннан көлеңкелі схемамен әлі күнге дейін автомобильдер кіріп жатыр. Ал Қазақстан бюджеті кеден салықтарынан қағылып отыр. Бұл қашан тоқтайды?
Р. С: Расымен де мұндай поблема бар. Бас кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа кірген 5 ел келісімшарт жасасу кезінде ескерту болған. Сол кезде Армения мен Қырғызстан шетелден елдеріне келетін автомобильдерге кеден және басқа алымдарға белгілі бір жеңілдіктер алған. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында бұл мәселелер ішкі ережелер арқылы реттелуі тиіс. Егер Қазақстанға келетін автомоблильдер кеден немесе басқа алымдарды төлемесе, онда ол шекарадан өтіп, тіркеуге қойылғанда алынуы керек.
Естеріңізде болса, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кіргізілген автомобиль құралдарын заңдастыру бойынша үлкен науқан жүрген. Сол кезде бұл мәселе шеліуі керек болған. Бірақ көлеңкелі схемамен біздің елге кіргізуге тырысатын автомобильдер бар екені рас. Ол мәселмен арнайы органдар мен кеден қызметі айналысып жатыр. Барлығын реттестіреді деп ойлаймын.
