10 мау, 2023 сағат 11:41

Юрий Ильин қызметінен босатылды

Фото: gov.kz

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, Ильин биыл сәуірдегі ауыс-түйіс кезінде Төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалған болатын.