Туу туралы куәлігі жоқ мыңдаған тәжік баласы әлеуметтік жеңілдіктерден тыс қалған. Бұл ақпаратты ЮНИСЕФ-тің Тәжікстандағы өкілдігі хабарлады. БҰҰ-ның балалар қоры мен Тәжікстан үкіметінің "Көші-қон әсеріне ұшыраған балаларды қорғау" деп аталатын жобасы барысында үш мыңға жуық "белгісіз бала" анықталған.
Тәжік билігі туу туралы куәлік беретін орынға ата-аналар келмейтінін айтады. Көптеген ата-аналар отбасын асырау мақсатында жұмыс іздеп, шетелге кеткен. Кейбір тәжік мигранттары тек соңғы жылдары ғана отбасын Ресейге бұрынғыдан жиірек әкете бастаған.
Құқық қорғаушылардың сөзінше, еңбек мигранттарының балалары ата-анасын жылдар бойы көрмейді, мектепті тастап кетеді, өзге туыстарының кемсітуіне, өзге де зорлық-зомбылықтарға ұшырайды.