21 шіл, 2021 сағат 00:56

Юлия Путинцева WTA рейтингінде жеті сатыға көтерілді


Әйелдер теннисі қауымдастығы кезекті рет рейтинг жаңартты деп жазады Olympic.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева жеті сатыға жоғарылап, 35-ші орынға көтерілді. 

Путинцеваның дәл бұлай жоғарылауына Будапешттегі турнирде жеңіске жеткені себеп болды. 

Зарина Дияс 99-шы орынды. Ерлер арасындағы АТР рейтингінде Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 40-шы орынға құлдырады. Михаил Кукушкин 123-ші орында.