10 қаң, 2021 сағат 13:48

Ыстанбұлдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

9 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

9 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 769 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 522 адам, анықтамасыз 247 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 879, анықтамасыз - 205; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен - 455; анықтамасыз - 28; 

- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 202 жолаушы, анықтамамен - 188; анықтамасыз - 14.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтуде.

2021 жылдың 8 қаңтарында анықтамасыз келген 229 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. 

Сонымен қатар, БАӘ ұшып келген Түркия азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.