20 қаң, 2021 сағат 15:53

Ыстанбұлдағы алаңға Абайдың есімі берілді

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы алаңға Абайдың есімі берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне сілтеме жасап.

«Ұлы қазақ ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл мәслихатының шешімімен қаладағы қазақ диаспорасы шоғырланған Зейтинбурну ауданындағы алаңдардың біріне ұлы ойшылымыз Абай Құнанбайұлының есімі берілді», делінген Елшіліктің Facebook-тегі парақшасында.