22 шіл, 2022 сағат 10:23

WBO Головкинге қатысты шешім шығарды


Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Геннадий Головкинді екінші орта салмақ рейтингіне қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір GGG рейтингте екінші орында тұр. Сондай-ақ, үздік үштікте ұлыбританиялық Зак Паркер (көшбасшы) және Джон Райдер (үшінші орын) бар. Бұл салмақтағы абсолют чемпион Головкиннің қарсыласы Сауль Канело Альварес.

Бұл рейтингте тағы бір қазақстандық Айдос Ербосынұлы бар, ол 12-орында. Ол төрт позиция жоғалтқан.

17 қыркүйекте Головкин мен Канело үшінші жекпе-жегін өткізеді. Ол алдыңғы екі жекпе-жек өткен Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді.