03 шіл, 2024 сағат 10:55

Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Сурет: ҚР Үкіметі

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. 

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды. 

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд болды. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд-қа жетті.