24 қыр, 2020 сағат 12:54

Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

Ресей президенті Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресейлік жазушы Сергей Комков 2021 жылы 10 қыркүйекте Ослода Путиннің Нобель сыйлығына үміткер болуына өтініш жібергенін хабарлады", - делінген сайтта.

Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жазушының бастамасына пікір білдірді.

"Сіздер бұл сыйлыққа түрлі адамдар ұсынылатынын білесіздер. Бұл - ұсыныс жасағандардың бастамасы. Бұл жағдайда - осы жазушы. Номинанттарды қараудың белгілі бір рәсімі бар. Шешім қабылданса - жақсы, қабылданбаса - ештеңе етпейді. Басқа нәрсе айту қиын", - деді Песков.

Нобель сыйлығы - жыл сайын көрнекті ғылыми зерттеулер, революциялық өнертабыстар немесе мәдениетке, қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін берілетін ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірі.