#
#
Бейсенбі 28/01/2021

Вице-премьер: Үкімет отандық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетеді

  • 24.11.2020
  • 0
  • 158

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация коронавирустық инфекцияның ықтимал жаңа толқынына дайындықты тексерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таразда вице-премьер қалалық 200 төсектік көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөлігінде болды. Бұрынғы перинаталдық орталықтың ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, барлық заманауи стандарттарға сай келетін және медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген инфекциялық аурухана болып жабдықталған. Қазіргі таңда мұнда 200 медициналық көпфункционалды төсек, компьютерлік томограф, компьютерлік томограф, 20 ӨЖЖ, екі дефибриллятор, қандағы газдар мен электролиттерді анықтайтын автоматтандырылған анализатор, оттегі станциясы, 30 реанимациялық төсек сатып алынды. 

«Науқасқа ӨЖЖ қажет болатын асқынулардың алдын алу және болдырмау қажет»,-деп атап өтті вице-премьер медицина қызметкерлеріне қарата.

Сондай-ақ, вице-премьер облыстық көпбейінді аурухананың жанындағы «Қамқорлық» оңалту орталығына барды. Орталық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры әзірлеген «Қамқорлық» жобасы аясында ашылған. Жоба мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағытталған. Мұндағы балаларға кешенді түрде медициналық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызметтер көрсетіледі.

Жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы 70 миллион теңгеге ғимарат жөндеуден өтті. Медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 1,1 миллиардқа жуық теңге бағытталған. Орталық ДЦП-мен ауыратын балаларға арналған арнайы велосипедтері бар автодром және бассейнмен жабдықталған. Науқастар иппотерапия қабылдайды. Швейцариялық «Lokomat» тренажерін сатып алынған. 

Аурухана аумағында вице-премьер медициналық қызметкерлерге 18 заманауи реаномобиль кілттерін табыстады. Олар облыстық жедел жәрдем станциясының паркін толықтырды.

Жамбыл ауданында Ералы Тоғжанов медициналық бұйымдарды ірі жеткізушілерінің бірі болып саналатын «Super-pharm» ЖШС-нің зауытына барды. Зауыт үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 2011 жылы пайдалануға берілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына шамамен 200 миллион медициналық мақсаттағы бұйым шығаруға қауқарлы.

Өндіріс орнында 480 адам жұмыс істейді. Жыл соңына дейін жұмысшылар санын 600-ге дейін арттыру жоспарлануда. Кәсіпорын бір реттік маскалар, бір реттік төсек-орын жапқыш-жиынтықтары, бахилалар, комбинезондар, бас киімдер, операциялық халаттары секілді барлығы 300-ге жуық бұйым түрін шығарады.

Вице-премьер Үкімет ағымдағы мәселелерді шешу үшін отандық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін баса айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар