31 қаң, 2024 сағат 17:38

Вице-министр салықтан жалтарған кәсіпкерлерге қатысты пікір білдірді

Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салықтан жалтарып, түрлі әдіс қолданып жүрген кәсіпкерлер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

БАҚ өкілі вице-министрге "Қазір көптеген саудагер салықтан қашып, сатып алушыларға ақшаны мобильді телефонына баланс ретінде жіберуді сұрайды. Оларға қатысты қандай да бір шара қабылдана ма?" деп сұрақ қойды.

"Меніңше, бұл жаңадан шыққан көп тәсілдің бірі ғана. Ақшаны кәсіпкерге баланс арқылы жіберу - уақытша құбылыс және ыңғайсыз нәрсе. Өйткені клиентке әртүрлі байланыс операторларынан жіберіп отыру көп уақыт алады әрі ыңғайсыздық тудырады. Уақыт өте өздігінен жойылады деп ойлаймын. Біз - клиентпіз, оларға дұрыс-бұрысын біз айтамыз. Мен клиент ретінде ешкімге баланс аудармаймын. Маған банк картасы арқылы төлеген ыңғайлы, себебі онда "кэшбэк" бар", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, егер мұндай аударымдар жиілесе, министрлік байланыс операторлары арқылы шара қабылдайды.