Бүгін Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» жобасында қазақ әншісі Димаш Құдайбергенов Витастың "Опера №2" әнін орындады. Бұл туынды ресейлік әншінің репертуарындағы ең күрделі әндердің қатарына жатады.
Иә, Димашты көпшілік жұрт Витаспен жиі салыстырып жатады. Алайда әншінің өзі жақында жеке парақшасында: "Қазақтың Витасы", "Витас сияқты айтады", "Екінші Витас" деген маған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен - "Екінші Витас" емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді", - деп жазды. Сол себепті "Опера №2" әнін орындарда Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел байлаған-ды. Нәтижесін де көрдіңіздер. Нақты бағасын мамандар бере жатар, біздің пікір қазақ әншісінің Витастан бір мысқал да кем орындамағанын мақұлдайды.
Ресейдің жарық жұлдызы Витас (Виталий Владасович Грачёв) есімі көпшілікке жақсы таныс. Ол ерекше дауысымен әнсүйер қауымның ықыласына бөленген бірегей талант. Ол 1979 жылы 19 ақпанда Даугавпилс (Латвия) қаласында туған. 2000 жылы үлкен сахнаға қадам басып, "Опера №2" әнімен таныла бастайды.
Әлемде Витастың өнеріне тәнті тыңдармандардың қатары көп. Әсіресе, Қытай елінде. Оның Қытайдағы ресми фан-клубына 1 миллионнан аса адам тіркелген екен. Тіпті, әншіге арнап Шанхай қаласында ескерткіш қойылған. Сондай-ақ, Витастың қытайлық "Мулан" фильміне түсіп, "Beneath the Glory" әнін орындағанын да айта кеткен жөн.
2006 жылы Витас пен Сергей Пудовкиннің "Made in China" атты альбомы жарық көрді. Бүгінде қытайлықтар Витасты "Делфин дауысының карольі" деп атайды.
Төмендегі видеодан Витастың "Опера №2" әнін Қытай елінде орындаған сәтін көре аласыздар:
Ал, мына видеодан "Опера №2" әні Димаштың орындауында көріп-тыңдай аласыздар:
Жандос Айман,