23 қыр, 2020 сағат 18:55

Вильнюс қаласында Абайдың оқу залы ашылды

Литва астанасы, Вильнюс қаласында «Абай жинағы» оқу залының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Литвадағы Елшілікке сілтеме жасап хабарлайды.

Вильнюс округінің, Адам Мицкевич атындағы, Қоғамдық кітапханасының ғимаратында қазақтың ұлы ағартушысы Абайдың 175 жылдығына орай оқу залы ашылды. 

Жаңа қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, шектеулі құрамда өткізілген іс-шараға, Сейм депутаттары (парламент), мемлекеттік органдардың, академиялық, қоғамдық және іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ Литва бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. 

ҚР Литва Республикасындағы Елшісі В.Темирбаев, өзінің құттықтау сөзінде, Еуропаның әйгілі ақыны, Адам Мицкевичтің құрметіне аталған кітапханада, Абай атындағы оқу залының ашылуының символизмды атап өтті. Абай әйгілі Вильнюс тұрғының шығармаларын ана тіліне аударған алғашқы шығыс ақыны болды. 

Осы тұрғыда, қазақстандық дипломат, еуропалық мәдениетке баулу, реформатор Абайдың ұмтылыстарының бірі болғанын және ол, қазақ халқын Шиллер, Гете, Пушкин және Байронның еңбектерімен алғашқылардың бірі болып таныстырғанын жеткізді. 

Іс-шара аясында, Литвадағы ең үздік опера әншілерінің бірі Раймонда Янутенайте және белгілі концертмейстер Нийоле Баранаускайте, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты танымал әндерін орындады. 

Рәсімге қатысушылар, бұл залды тек Литвада ғана емес, бүкіл Балтық өңіріндегі қазақ мәдениетінің «тартылыс орталығы» деп атады. Өйткені, Абайдың оқу залын ашуға дайындық барысында, Вильнюс кітапханасы мен Қазақстандағы ең көне кітапхана - Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. 

Сонымен қатар, оқу залында осы жылдың соңына дейін Елшілік, «Жара» (Žara) баспасымен бірлесіп, Литва тілінде жарық көрген, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романының тұсаукесерін өткізбек. 

Айта кетсек, Адам Мицкевич атындағы, Вильнюс округінің қоғамдық кітапханасы, Литва астанасының дәл орталығында, бұрынғы Зенкович-Тишкевич әулетінің сарайында орналасқан, оның тарихы XV-XVI ғасырлардан бастау алады.