27 қыр, 2018 сағат 11:35

Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда 49,5 млн теңгеге сатылды

Мәскеуде Виктор Цойдың төлқұжаты аукционанда 9 млн рубльге немесе қазақстандық валютамен есептегенде 49,5 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Лоттың бастапқы құны 2,5 млн рубльден (13,75 млн теңге) кем дегенде үш есе өсті. Советтік музыканттың қойын дәптері 3 млн рубльге (16,5 млн теңге), "Хочу перемен!" әнінің қолжазбасы 3,6 млн рубльге (19,8 млн теңге) сатылды», - деп жазады ТАСС.

"Литфонд" аукцион үйінің өкілі хабарлағандай, әншінің төлқұжаты 9 млн рубльге сатылды.

Цойға құжат 8 айға кешіктіріліп 16 жасында берілген, онда оның Марианна Родованскаямен шаңырақ көтергені туралы Ленинград қаласының Мәскеу аудандық АХАЖ бөлімінің ақпараты тіркелген.

"Литфондтың" бас директоры Сергей Бурмистровтың айтуынша, аукцион өкілінің мамандары ІІМ-ге сұрау жолдатып, төлқұжаттың жалған емес екенін анықтайтын сараптамадан өткізіп, дәлелдеген.

Ал, Цойдың төлқұжатында ленинградтық, мәскеулік рок-музыкантардың, оның ішінде Борис Гребенщиковтың, Майк Науменконың, Артемий Троицкийдің және өзгелердің телефондары жазылған.

Виктор Цой – советтік орындаушы, "Кино" тобының (1982-1990) негізін қалаушы. "Звезда по имени Солнце", "Хочу перемен!", "Группа крови", "Дальше действовать будем мы" және т.б. әндердің авторы һәм орындаушысы. 1962 жылы Ленинградта туған, ал 1990 жылы жол апатынан қайтыс болды. Санкт-Петербургтегі Богословск зиратында жерленген.