22 там, 2016 сағат 08:34

Вэл Баркер кубогы өзбек боксшысына бұйырды

Бокстан 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен өзбекстандық Хасанбой Дусматов Рио Олимпиадасының Вэл Баркер кубогын иеленді. 

Өзбек боксшысы аталған салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада чемпионы атанған болатын. Ол ширек финалда жерлесіміз Біржан Жақыповты жеңді.

Қыздар арасында Баркер кубогы америкалық боксшы, екі мәрте Олимпиада чемпионы Кларесса Шилдске Вэлке табыс етілді. Бұл кубок Олимпиада тарихында алғаш рет әйел боксшыға беріліп отыр.

Вэл Баркер кубогы Олимпиада ойындарында техникалық шеберлігі жоғары боксшыға беріледі. 

Аталмыш сыйлық 1936 жылдан бері табысталып келеді. Бұл атаққа үш қазақ боксшысы қол жеткізген болатын. 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада – Василий Жиров, 2004 жылы Афиныда – Бақтияр Артаев, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев иеленген-ді.

Ұлт порталы