29 ақп, 2024 сағат 14:55

Василий Левит жаңа қызметке тағайындалды


Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды. 

Қостанай облысының тумасы Василий Левит 1988 жылы дүниеге келген. 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі мәрте Олимпиада ойындарына қатысқан. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 

Ол 2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.