Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасып, жеңіліс тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Отандасымыз алғашқы раундтан белсенділік танытып, алға шықты. Левиттің сериялы соққылары қарсыласына дөп тиіп жатты. Екінші раундта жердесіміздің басымдылығы айқын көрінгенмен, ұпай артықшылығы ресейлік боксшыға берілді. Шешуші кезеңде Левиттің жойқын соққылары Евгений Тищенко тәлтіректетіп жіберді.
Алайда жекпе-жек қорытындысы бойынша, ресейлік боксшы жеңімпаз деп танылды.
Айта кетейік, биылғы жылы бокстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамда барған еді. Бірақ сайыс барысында алты боксшымыз жарыстан шығып қалды.
Ұлт порталы