10 ақп, 2021 сағат 16:56

Коронавирус вакцинаның бірінші және екінші дозасының арасында жұғуы мүмкін бе?

Вакцинаның бірінші және екінші дозасы арасында коронавирусқа шалдығу қаупі бар ма? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Иә, әрине, ондай қауіп бар. Біз толық иммунитет вакцинаның алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін 45-ші күні пайда болады деп айттық. Ал 5% халықта иммундық жауап болмауы да мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда вакцина халықты 95% қорғай алады», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына. 

Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. 

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңде егу керек. 

Бірінші доза антидененің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. 

Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антидене саны артады.