Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі вакциналау пунктерінде қанша доза вакцина бар екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Министрдің айтуынша вакциналау орындарында екпенің мөлшері жеткілікті.
«Бүгінде егу пунктеріндегі вакцина дозаларының саны жеткілікті. Бірінші компоненттің шамамен 800 мың дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы. Вакциналарды аймақтарға жеткізу кестеге сай жалғасып жатыр», - деді ведомство басшысы.
