29 мау, 2021 сағат 12:03

Вакциналарды араластыру пайдалы – зерттеушілер


Оксфорд университетінің зерттеушілері анықтағандай, бірінші және екінші екпелерге екі түрлі вакцинаны қолдану Covid-19-дан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ВВС.

Тәжірибелер барысында еріктілерге төрт апта аралықпен екі түрлі вакцина егілді, нәтижесінде AstraZeneca және Pfizer вакциналарын комбинациялау екі AstraZeneca дозасына қарағанда антиденелер шығаруда тиімдірек болды. 

Кейбір елдер вакциналардың комбинациясын қолданады, сондықтан Испания мен Германия бұрын AstraZeneca екпесін алған жастарға Moderna-ның немесе Pfizer вакцинасының екінші дозасын алуды ұсынады.

Алайда, зерттеу авторлары атап өткендей, оның нәтижелері бірдей препаратпен жүргізілетін вакциналау жүйесіне деген сенімді бұзбауы керек.