16 шіл, 2021 сағат 18:49

Вакцинаға қарсы көрсетілім қалай анықталады?


ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаға қарсы көрсетілімді анықтау механизмін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда әлемнің кез келген жерінде және кез келген вакцинаға қатысты аллергиялық сынақтар жүргізілмейді, оларды жүргізу де қажет емес. Қарсы көрсетілімдер тізімінде анафилактикалық шок, вакцинаны немесе оның басқа компоненттерін енгізуге ауыр аллергиялық реакциялар бар», - деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Ол вакциналау алдындағы учаскелік дәрігердің тексеруі міндетті екенін атап өтті.

«Тек дәрігер вакциналауға болатынын немесе қарсы көрсетілімі бар-жоғын анықтай алады. Сондықтан дәрігердің қарауынсыз және вакциналауға рұқсаты жоқ адамға вакцина салынбайды, бұл барлық қаулыларда және барлық ережелерде жазылған және тек коронавирус инфекциясына қарсы вакцинада қолданылмайды. Бұл алгоритм ұзақ уақыт бойы вакцинация кезінде қолданылып келеді», - деп қорытындылады Есмағамбетова.