19 шіл, 2021 сағат 21:20

Вакцинаға қарсы әйелдер денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктеріне тап берді



Сейсенбіде денсаулық сақтау министрлігіне он шақты әйел вакциналауды тоқтатуды талап етіп келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Назар аударыңыз, балағат сөздер бар.


Тараптардың сөзі жараспады: әйелдер шенеуніктерге айқайлап, жұдырық ала жүгірді. Болған оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрларға қарағанда, олар вице-министр Бүркітбаев пен ресми өкіл Байтанаевқа көбірек шүйліккен.


Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев антиваксерлердің кесірінен қазақстандықтардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайтынын атап өткен болатын.