13 шіл, 2021 сағат 15:56

Вакцинадан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жылға дейін созылуы мүмкін - маман


Пандемиямен күресу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет. Бұған тек вакцинация арқылы қол жеткізуге болады. Бұл туралы Қарағанды медицина университетінің қауымдастырылған профессоры, инфекционист-дәрігер Анна Кнаус айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің айтуынша, коронавируспен ауыратын науқастарда аурумен күресуге ықпал ететін жады жасушалары бар болғаны 3-6 айға белсенді болады. Содан кейін олар денені қорғауды тоқтатады, сондықтан коронавирус қайталанады немесе ковидтің ұзақ ағымының құбылыстары пайда болады. 

«Біздің ағзамыз коронавируспен өздігінен күресіп, бізді аурудан қорғайтын жеткілікті мөлшерде жасушалар жасай алмайтыны белгілі болды. Біз әлі ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмадық. Мұндай жағдайларда вакцинацияның қажеттілігі айқындай түседі. Яғни, біз вакциналарды енгізу арқылы жасанды иммунитетті құру кезеңіне көштік», - дейді Анна Кнаус Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында. 

Вакцина жасау технологиясы бүкіл әлемде бірдей. Нөлден бастап бірде-бір ел вакцина жасаған емес. 

«Вакциналардың мақсаты бірдей. Олардың барлығы коронавируспен күресуге бағытталған. Гамалея институтының мәліметі бойынша, Спутник V вакцинасының бірінші компонентін алғаннан кейін біздің ағзамызда 3-6 айға дейін әрекет ететін қорғаныс жасушаларының алғашқы қоры жасақталады. Толық вакцинациядан кейін қорғаныс тосқауылы екі жылға дейін созылуы мүмкін», - деді Анна Кнаус.