08 шіл, 2021 сағат 18:51

Вакцина алғандардың 0,05 пайызы ғана коронавирус жұқтырған


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина алғаннан кейін кронавирус жұқтырғандардың статистикасын атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша вакцина алғаннан кейін 2 212 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Соның ішінде бірінші компонеттен кейін - 1 308 жағдай, екінші компоненттен кейін 904 жағдай анықталды», - деді комитет төрағасы. 

Сондай-ақ, ол аталған статистиканы вакциналардың түріне бөліп айтып берді. 

«Вакциналарға жіктеп айтсақ, «Спутник V» бойынша 2 024 жағдай анықталды. Бірінші компонент – 1 190, екінші компонент – 834. QazVac бойынша 40 жағдай тіркелді. Сәйкесінше, 21 және 19. Hayat-Vax бойынша 140 (89/51) және CoronaVac бойынша 6 адам бірінші дозадан кейін коронавирус жұқтырған. Осының бәрін қоссаңыз 2 212 жағдай шығады. Бірақ бұл мәліметті абсолютті сандар көлемінде қолдану дұрыс емес деп ойлаймын. Бүгінде бізде 4 миллионға жуық адам екпе алған. Соның 0,05 пайызы вакцина алғаннан кейін ауырған деген сөз», - деді Айжан Есмағамбетова.