06 қар, 2020 сағат 10:08

Вагнер Лав «Қайратта» қалатын болды

Алматылық «Қайрат» бразилиялық футболшы Вагнер Лавпен келісім-шарт мерзімін тағы бір жылға ұзартты. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Вагнер Лав 1984 жылдың 11 маусымында дүниеге келген. Кәсіпқой футболдағы алғашқы қадамын 2002 жылы Бразилияның «Палмейрас» командасында бастаған. Одан кейінгі жылдарда Ресейдің ЦСКА, Бразилияның «Фламенго», Қытайдың «Шаньдун Лунэн», Францияның «Монако», Түркияның «Аланьяспор» және «Бешикташ» командаларында ойнаған. Бразилия құрамасы сапында 20 матч өткізіп, төрт гол соқты. 

Биылғы жылдың маусым айында «Қайрат» командасымен жыл-соңына дейін келісімшартқа қол қойған болатын. 

Естеріңізге сала кетелік, биыл «Қайрат» бірнеше тур бұрын өз тарихында үшінші мәрте чемпион атанды. Алдағы жылы команда UEFA Чемпиондар лигасында сынға түседі.